АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Теміртауда ЖЭО-2-де жоспарланған жөндеу жұмыстары кестеден әлдеқайда артта қалды. Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы департаментінің өкілдері осындай қорытындыға келді.
Ведомствода атап өткендей, компания биыл №1, 2, 4, 5 қазандық агрегаттарына, №3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.
"№1 қазандықтың күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатқаны анықталды. Жұмысты аяқтау мерзімі 25 мамырдан тамыз айының басына ауыстырылды", - деп хабарлады энергетика министрлігі.
Тексерушілер жұмысты мердігер ұйымдардың 70-ке жуық қызметкері тәулік бойы атқарып жатқанын анықтады.
"Көтергіш механизмдердегі ақау жұмысты қиындатып отыр. Қазандықтағы газ құбырларының учаскелерін жөндеуге келісімшарт жасалмаған", - деді департаменттегілер.
Сонымен қатар энергетика министрлігінің өкілдері сәуір айына жоспарланған 2 турбинаны жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын анықтады.