Өңірлер

Теміртау жылусыз қала ма? ЖЭО-2-ні жөндеу жұмысы мерзімінен кешіктіріліп жатыр

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаЖЭО-2
ЖЭО-2  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2023
Жазылу
Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 нысанында болып қайтты, деп хабарлады энергетика министрлігі
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Теміртауда ЖЭО-2-де жоспарланған жөндеу жұмыстары кестеден әлдеқайда артта қалды. Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды ​​облысы департаментінің өкілдері осындай қорытындыға келді.
Ведомствода атап өткендей, компания биыл №1, 2, 4, 5 қазандық агрегаттарына, №3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

"№1 қазандықтың күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатқаны анықталды. Жұмысты аяқтау мерзімі 25 мамырдан тамыз айының басына ауыстырылды", - деп хабарлады энергетика министрлігі.

Тексерушілер жұмысты мердігер ұйымдардың 70-ке жуық қызметкері тәулік бойы атқарып жатқанын анықтады.
"Көтергіш механизмдердегі ақау жұмысты қиындатып отыр. Қазандықтағы газ құбырларының учаскелерін жөндеуге келісімшарт жасалмаған", - деді департаменттегілер.
Сонымен қатар энергетика министрлігінің өкілдері сәуір айына жоспарланған 2 турбинаны жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын анықтады.
АрселорМиттал Теміртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
"АрселорМиттал Теміртауда" тағы да төтенше жағдай: газ құбыры опырылып түсті
Жаңалықтар
0