Қазақстандықтарға электромобильді бажсыз және салықсыз қалай рәсімдеуге болады

Sputnik
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлемей-ақ, электромобильді қалай рәсімдеу керектігін хабарлады.
МКК деректері бойынша Қазақстанда тұратын, тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының азаматы жеке басына пайдалану үшін бір рет электромобиль әкелуге құқы бар. Ол кедендік баж мен салық төлеуден босатылады.
"Кедендік ресімдеуден өту үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты, көлік құралын иелену, пайдалану және билік ету құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды (CMR, ТТН, инвойс, КҚҚ) ұсына отырып, кеден бекетіне инспекторға жүгінеді. Сол жерде жолаушылар кедендік декларациясын өз қолымен толтыру қажет", - делінген хабарламада.
Декларация бланкісін алу, декларацияны толтыру және тапсыру үшін ақша төлемейді деп нақтылады комитетте.
"Естеріңізге сала кетейік, электромобильді ресімдеген азаматқа осы электромобильге иелік ету, пайдалану, билік ету құқығын Ресей Федерациясының азаматтығы бар немесе Ресей Федерациясында тұрақты тұрғылықты жері бар адамдарға кедендік тазарту сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде беруге тыйым салынған, яғни сатып алушының ресей азаматтарына бұндай көлікті беруге заңды түрде құқы жоқ", - деп толықтырды вдеомстводағылар.
Бұл рұқсат Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы 107 "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешімінің 3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған.
Қоғам
Тоқаев утиль алымы жайлы: 250 мың теңгеден аспауы керек