Электр энергиясы мен жылу тарифі төрттен бір есеге жуық өседі – вице-министр

Энергия өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдар үшін "Тарифті инвестицияға айырбастау" мемлекеттік бағдарламасы енгізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына белгілейтін шекті тарифін түзетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда берілген өтінімдер бойынша министрлік энергия өндіруші 47 ұйымның 27-сі үшін электр энергиясына шекті тарифті түзетіп отыр, тарифтердің орташа өсімі 24% шамасында болады", - деді вице-министр.
Жандос Нұрмағанбетовтің айтуынша, Энергетика министрлігі "Тарифті инвестицияға айырбастау" жаңартылған бағдарламасын іске қосты, оның негізгі мақсаты – генерация секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру есебінен тозу деңгейін кем дегенде 15%-ға төмендету.
Сонымен қатар вице-министр елдегі электр станцияларының техникалық аудиті аяқталғанын хабарлады.
"Барлығы 55 электр станциясы тексерілді. Жылу станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйіне және оны пайдалану шарттарына ерекше назар аударылды", - деді вице-министр.
Тексеріснәтижесі бойынша барлық станция техникалық жағдайына, қызмет ету мерзіміне, жанармай шығынының көрсеткішіне, апаттық жағдайларға, қызметкерлер құрамы мен жөндеу жұмыстарының орындалуына байланысты бірнеше санатқа бөлінді.
Коммуналдық қызметтердің тарифі біртіндеп өседі