Қоғам

Астанадан Ақтауға бет алған ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды

Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Астанадан Ақтауға ұшып шыққан ұшақ қалың тұманға байланысты Атырау қаласына қонды, деп хабарлайды FlyArystan әуе компаниясы.
"29 мамыр күні сағат 00:45-те КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына, дәлірек айтқанда Ақтау қаласында қалың тұман түсуіне байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды", - делінген хабарламада.
FlyArystan рейсі Атыраудан жергілікті уақытпен бүгін 10:00-де ұшып шығады деп жоспарланды.
"Біз ауа райының қолайсыздығы жолаушылардың жоспарына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Әуе компаниясы барлық рейсті уақытында орындау үшін бар күшін салып жатыр", - деді FlyArystan компаниясындағылар.
Әуе компаниясы ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберілетінін ескертті. Сондай-ақ, жолаушылар flyarystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейс статусын өз бетінше тексере алады.
Қазақстанда оннан астам жаңа рейс ашылады