Денсаулық

Коронавирусқа қатысты шектеулер ресми түрде жойылды - министрлік

Sputnik
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталды деген шешім шығарған. Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

"Осыған байланысты білім беру ұйымдарында, сондай-ақ "Ashyq" жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының күші жойылды", - делінген ресми хабарламада.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер де қаулылардың күшін жою туралы құжатқа қол қойды.
"Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз. Вирустың таралуы жалғасуда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл өтетінін ескердік. Халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады", - дейді министрлік мамандары.
"Денсаулыққа өте пайдалы": күбі пісу ұмытылып барады