Астананың іргесіндегі ауылда 10 жастағы оқушы жаттығу кезінде көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Ақмола облысындағы Талапкер ауылында 10 жастағы оқушы жаттығу жасап жатқанда көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 716.kz порталына сілтеме жасап.
Ақмола облыстық полиция департаменті оқушының қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, 10 жастағы бала Целиноград облысындағы Талапкер ауылында арнайы дайындық орталығында жаттығу кезінде қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Баланың өліміне себеп болған мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды