Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
13:20 22.05.2023 (жаңартылды: 13:31 22.05.2023)
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында жеткіншек қыз ойнап жүріп, әткеншектің арқанына асылып қалған. Sputnik Қазақстан тілшісі қыздың жағдайын біліп қайтты.
9 жастағы Райана Сартай отбасындағы бес қыздың ортаншысы. Сабақ үлгерімі жақсы, мектепте белсенді, биші қыз. Өкінішке қарай, 30 сәуірде ойын баласы аяқасты ажал құша жаздайды.
"Жолдасым көлік доңғалағының екі жағынан арқанға байлап, балалар ойнасын деп әткеншек жасап берген. Ол әткеншекпен ойнап жүргендеріне біраз болған. Үйді жинап жүр едім, 1-сынып оқитын қызым жүгіріп кірді. "Мама, Райана жіпке оралып қалды" деді. Жанұшырып жүгіріп барсам, әткеншектің арқанына қызым мойнымен оралып қалыпты, көгеріп кеткен", - дейді анасы Айнұр Сартай.
Анасының айтуынша, қыз жіпте оралып біраз тұрған.
"Жаңағы мені шақырған қызым басқа жақта ойнап жүрген. Ал Райана әткеншекте жалғыз өзі ойнап отырған. Сол доңғалақтың үстіне шығып алып айналған. Егер қарама-қарсы бағытқа айналса онда арқан босап кетер еді. Сол әткеншекті айналдырғанда арқан мойнына оралған, қызымның аяғы дөңгелектен тайып, асылып қалған", - дейді анасы.
Жедел жәрдем қызметі 15 минутта келіп, алғашқы көмек көрсетеді. Алайда жеткіншек ауруханаға барар жолда есінен танады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Қызым 6 күн комада болды, 13 күн жансақтау бөлімінде жатты. Мені әрең таныды. Қазір сөйлемейді, тіл жоқ. Аяқ-қолы істемейді. Қолмен тамақтандырып жатырмын. Жағдайы ауыр", - деп шарасыздығын айтқан ана жылап отыр.
Райана үш күн бұрын Алматы облыстық балалар клиникасына ауыстырылған. Дәрігерлер баланың аман қалуының өзі ғажап жағдай деп отыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында оқушы абайсызда әткеншектің арқанына асылып қалды
"Біздің ауруханаға 19 күннен кейін түсті. Жағдайы орташа ауыр, отырады, тамақ жұта алады, сол себепті орташа ауыр деп бағалап отырмыз. Бірақ мынадай жағдайда баланың аман қалуының өзі таңғаларлық жағдай. Өйткені бала жіпке асылғанда ми клеткаларына ауа бармай қалған. Бала бұған дейінгі ауруханаларда аппаратта жатқан", - дейді Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасы неврология және оңалту бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Жәмиева.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың қалыпты өмірге түсуіне біраз уақыт керек. Қиындыққа тап болған отбасыға 8 707 348 15 63 (қыздың сынып жетекшісі Айтолқын Жамалованың нөмірі) арқылы көмектесуге болады.