АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Астананың шетінде құрғақ шөп өртеніп жатыр. Ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның алдын ала мәліметінше, бүгін сағат 16:14-те Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментіне Көктал-1 тұрғын алабы жақта түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер қураған шөп пен бұталар 1 гектар аумақта өртеніп жатқанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндірушілер мен қала әкімдігінің 3 суару техникасы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.