Астананың шетінде қураған шөп өртеніп жатыр

© Sputnik / Арман АсқарАстанада құрғақ шөп өртеніп жатыр
Астанада құрғақ шөп өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Астананың шетінде құрғақ шөп өртеніп жатыр. Ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның алдын ала мәліметінше, бүгін сағат 16:14-те Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментіне Көктал-1 тұрғын алабы жақта түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер қураған шөп пен бұталар 1 гектар аумақта өртеніп жатқанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндірушілер мен қала әкімдігінің 3 суару техникасы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Абай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті: төтенше жағдай жарияланады
Жаңалықтар
0