Жыл соңына дейін жаңа Су кодексі әзірленеді – Экология министрлігі

Экология министрінің айтуынша, бұл республика тарихындағы үшінші көлемді құжат болмақ
Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Жыл соңына дейін парламент депутаттарына жаңа Су кодексінің жобасы ұсынылады. Бұл туралы Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сонымен бірге, оның айтуынша, құжатты әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Біз биылғы жылдың соңына дейін жаңа Су кодексін әзірлеуді аяқтап, оны парламентке енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Сүлейменова Х Невский халықаралық экология конгресі аясында өткен дөңгелек үстел барысында.
Сүлейменова Экология министрлігі құжатты әзірлеу кезеңінде барлық мүдделі тарапты тартатынын атап өтті: ол академиялық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам болуы мүмкін. Олар бұл заң жобасының құрылымын жасауға өте ерте кезеңде ықпал ете алады.
"Су кодексі өте күрделі, қазіргі біздің кодексіміз 2003 жылы қабылданды. Ең алғашқысы 1993 жылы қабылданған болатын. Яғни, бұл үшінші кодекс", - деп атап өтті ол.
Орталық Азия елдері бірыңғай су-энергетика кешенін қайта құруға ниетті