Өңірлер

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды

Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Талдықорған қаласында Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бастады.
Агенттік ақпаратынша, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 адам тартылып, 220 млн теңгеден астам ақша салған.
Сот күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
ҚМА Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін еске салды.
Ақтөбеде қаржы пирамидасы ломбард атын жамылып жұмыс істеген