Қазақстанда киік саны 1,9 миллионнан асты

Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда киік саны 1,9 миллионнан асты, деп хабарлады ecologyofQazaqstan телеграм каналы.

2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа, яғни 45,3% -ға артты. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 миллион, Бетпақдала – 745 300, Үстірт – 39 700.

Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.
Атырау облысында браконьерлерден 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді