https://sputnik.kz/20230310/atyrau-oblysynda-brakonerlerden-25-mynga-zhuyq-aqboken-muyizi-tarkilendi-32779993.html
Атырау облысында браконьерлерден 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді
Атырау облысында браконьерлерден 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Атырау полицейлері браконьерлерден 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз... 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T14:28+0500
2023-03-10T14:28+0500
2023-03-10T14:28+0500
браконьер
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31502561_379:746:2694:2048_1920x0_80_0_0_7d823d2c168c61d39f176086c54cfa27.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Атырау полицейлері браконьерлерден 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Полиция Атыраудағы Береке шағын ауданындағы тұрғын үйді тексергенде, жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 дана ақбөкен мүйізін тапқан. Залал құны – 6,264 миллиард теңге.1991, 1987 және 1986 жылы туған үш адам браконьерлік жасады күдікпен ұсталды."Қазіргі уақытта "өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бабымен тергеу жүріп жатыр. Бұл қылмыспен жазаға тартылған адам үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады", - дейді ведомство.Сонымен қатар "ақбөкенді заңсыз аулау, жою, сол сияқты заңсыз ауланған ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" деген баппен заң бұзушының мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
https://sputnik.kz/20221019/qyzylorda-oblysynda-zansyz-kiik-aulagandar-ustaldy-28620620.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31502561_569:721:2208:1951_1920x0_80_0_0_254346b13d174905919ac73e45d361c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
браконьер, атырау облысы
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Атырау полицейлері браконьерлерден 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Полиция Атыраудағы Береке шағын ауданындағы тұрғын үйді тексергенде, жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 дана ақбөкен мүйізін тапқан. Залал құны – 6,264 миллиард теңге.
1991, 1987 және 1986 жылы туған үш адам браконьерлік жасады күдікпен ұсталды.
"Қазіргі уақытта "өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бабымен тергеу жүріп жатыр. Бұл қылмыспен жазаға тартылған адам үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады", - дейді ведомство.
Сонымен қатар "ақбөкенді заңсыз аулау, жою, сол сияқты заңсыз ауланған ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" деген баппен заң бұзушының мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.