Петропавлда көлік аялдамаға соғылды: ауруханаға түскен бір адамның жағдайы ауыр

Sputnik
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Петропавлда аялдамада жарақат алғандар бір адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем бригадаларының қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге зардап шеккен үш адамды жеткізген. Зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, бір науқастың жағдайы ауыр.
"Әйелдің миы шайқалған, бас сүйегі сынған. Жағдайы ауыр, көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ал зардап шеккендердің бірі - ер адамға дәрігерлер жабық ми жарақаты мен мидың шайқалуы деген диагнозын қойды.
"Тағы бір науқаста аяғының төмен жағы сынған, бұл орташа ауырлық дәрежесі. Көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тағы екі науқас жеңіл жараланған. Олар ауруханада жатудан бас тартқан.
"Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Жамбыл көшесінде "Honda Fit" маркалы көлік құралын басқарып келе жатып, жолаушылар тасымалдайтын "Lifan" маршруттық автобусымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Honda Fit" автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған. Аялдамада жолаушылар тұрған. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтті, екі жүргізуші де мас емес", - дейді полициядағылар.
Қазіргі күні ҚК 345-бабының 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар жасалады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда Петропавлда автобус адамдар тұрған аялдамаға кіріп кетті.