АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы маңындағы "Жаңа қоныс" ауылында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 22 мамырда болды. "Хундай" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қызды қағып кеткен.
"Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз ауруханада қайтыс болды. Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші қамауға алынды", - дейді ведомство.
Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуды және жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.