https://sputnik.kz/20230525/aqtobede-oqushyny-kolik-qagyp-oltirdi-35242100.html
Ақтөбеде оқушыны көлік қағып өлтірді
Ақтөбеде оқушыны көлік қағып өлтірді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы маңындағы "Жаңа қоныс" ауылында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің... 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T11:25+0500
2023-05-25T11:25+0500
2023-08-10T11:59+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:470:4512:3008_1920x0_80_0_0_1a501778730729f3f825eaf8d5dd110b.jpg
АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы маңындағы "Жаңа қоныс" ауылында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға 22 мамырда болды. "Хундай" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қызды қағып кеткен."Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз ауруханада қайтыс болды. Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші қамауға алынды", - дейді ведомство.Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуды және жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
https://sputnik.kz/20230512/balqashta-samokat-tepken-8-zhasar-balany-kolik-qagyp-ketti-34804936.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_134:0:4145:3008_1920x0_80_0_0_2bad8886bee26e9253786d79c2627e01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Ақтөбеде оқушыны көлік қағып өлтірді
11:25 25.05.2023 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы маңындағы "Жаңа қоныс" ауылында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 22 мамырда болды. "Хундай" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қызды қағып кеткен.
"Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз ауруханада қайтыс болды. Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші қамауға алынды", - дейді ведомство.
Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуды және жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.