Жезқазғанда қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 4 адам ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша олар "MetaGo" жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тартып жатырмыз деген желеуімен 600-ден астам адамнан 124 миллион теңгеден астам қаражатты алған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабынына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қоғам
Ақша салмастан бұрын тексеріп алыңыз: қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды