Қасап әріптесін бауыздап тастады – сот үкімі шықты

Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Түркістандағы мал базарында өз әріптесін бауыздап тастаған қасапқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
Қанды оқиға биыл ақпан айында болған. Екі қасап мал союға таласып қалады. Жанжалдың арты төбелеске ұласқан. Сол кезде 30 жастағы ер адам алдымен әріптесінің аяғына бірнеше рет пышақ сұққан. Одан кейін тамағын орып жіберген. 31 жастағы жігіт сол жерде көз жұмыпты.
Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды. Сот шешімімен адам өлтірген қасапшы 11 жылға сотталды. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп санайды. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші.
"Қылмыстық кодекстің 99-бабы бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін жаза қарастырылған. Сот үкімімен келіспеймін. Кеудемнен жаным шыққанша, соңына дейін барамын", - дейді марқұмның анасы Құрбанкүл Дайрабаева.
Оқиға
Түркістанда көше бойында ер адамның мәйіті табылды