Оқиға

Түркістанда көше бойында ер адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Түркістан қаласында көше бойында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 ақпан түнде полицияның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Жәбірленуші базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын. Күдікті сол түні ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, салдарынан қайғылы оқиға болған. Пышақ сұққан күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазіргі таңда "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіледі.
Жаңалықтар
0