Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам мерт болды

Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам мерт болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде төбелестің видосы жарияланған еді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, жаппай төбелес мамырдың басында, түнгі клубтың алдында болған. Бір топ жас Ақтаудағы клубқа демалуға барады. Алайда күзетшілер оларды кіргізбей, жанжалдың арты төбелеске ұласқан.
Төбелес кезінде бір адам ол жиегіндегі цементке соғып, есінен танып қалған. Оқиға кезінде зардап шеккен жігітті достары пәтерге алып кетеді. Ол есін жиғандай болады. Бірақ келесі күні миына қан құйылудан көз жұмған. Көз жұмған азамат 1987 жылы туған, оның артында үш баласы қалды.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерек ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген.
Полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, соттың санкциясымен ол 2 айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.