https://sputnik.kz/20230524/aqtauda-zhappay-tobeles-kezinde-bir-adam-mert-boldy-35229689.html
Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам мерт болды
Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам мерт болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам мерт болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 24.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-24T21:31+0500
2023-05-24T21:31+0500
2023-08-11T11:36+0500
ақтау
төбелес
https://sputnik.kz/img/272/23/2722319_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_d3c0b5ac03b20f377b6442c1c690082d.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам мерт болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бұған дейін әлеуметтік желіде төбелестің видосы жарияланған еді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, жаппай төбелес мамырдың басында, түнгі клубтың алдында болған. Бір топ жас Ақтаудағы клубқа демалуға барады. Алайда күзетшілер оларды кіргізбей, жанжалдың арты төбелеске ұласқан.Төбелес кезінде бір адам ол жиегіндегі цементке соғып, есінен танып қалған. Оқиға кезінде зардап шеккен жігітті достары пәтерге алып кетеді. Ол есін жиғандай болады. Бірақ келесі күні миына қан құйылудан көз жұмған. Көз жұмған азамат 1987 жылы туған, оның артында үш баласы қалды. ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерек ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген.Полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, соттың санкциясымен ол 2 айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/272/23/2722319_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_4294ee723b956b22eef1df3f94a40353.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, төбелес
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ақтауда жаппай төбелес кезінде бір адам мерт болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде төбелестің видосы жарияланған еді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, жаппай төбелес мамырдың басында, түнгі клубтың алдында болған. Бір топ жас Ақтаудағы клубқа демалуға барады. Алайда күзетшілер оларды кіргізбей, жанжалдың арты төбелеске ұласқан.
Төбелес кезінде бір адам ол жиегіндегі цементке соғып, есінен танып қалған. Оқиға кезінде зардап шеккен жігітті достары пәтерге алып кетеді. Ол есін жиғандай болады. Бірақ келесі күні миына қан құйылудан көз жұмған. Көз жұмған азамат 1987 жылы туған, оның артында үш баласы қалды.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерек ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген.
Полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, соттың санкциясымен ол 2 айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.