АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазселденқорғау" мекемесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.
"Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚПК 300-бабы тәртібінде Алматы облысының прокуратурасына берілді", - делінген хабарламада.
Ведомство тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.