Саясат

Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Сингапур президентін қарсы алды

Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
"Ақорда" резиденциясында Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.
Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Тоқаев Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Саясат
Италия премьер-министрі Астанаға жұмыс сапарымен келмейтін болды