https://sputnik.kz/20230521/italiya-premer-ministri-astanaga-zhumys-saparymen-kelmeytin-boldy-35103692.html
Италия премьер-министрі Астанаға жұмыс сапарымен келмейтін болды
Италия премьер-министрі Астанаға жұмыс сапарымен келмейтін болды
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлеседі 21.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-21T09:02+0500
2023-05-21T09:02+0500
2023-05-21T09:02+0500
саясат
италия
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/1135/64/11356459_0:161:3069:1887_1920x0_80_0_0_df71ed60a2669f75215cf0e8d0d4bd37.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони өз елінде болған жойқын су тасқынына байланысты Қазақстанға жұмыс сапарымен келмейтін болды.Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде хабарлды."Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Осы себепке байланысты Италия үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазды Желдібай.Италия тарапы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.Бұған дейін Ақорда 22 мамыр күні Қазақстанға Италия премьер-министрі Джорджа Мелони жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған еді.
https://sputnik.kz/20230520/singapur-prezidenti-men-italiya-premeri-qazaqstanga-keledi-35095418.html
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1135/64/11356459_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_71e111f7cab43e656e172d225e46931f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
италия, премьер-министр
Италия премьер-министрі Астанаға жұмыс сапарымен келмейтін болды
Тоқаев Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлеседі
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони өз елінде болған жойқын су тасқынына байланысты Қазақстанға жұмыс сапарымен келмейтін болды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде хабарлды.
"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Осы себепке байланысты Италия үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазды Желдібай.
Италия тарапы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.
Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.
Бұған дейін Ақорда 22 мамыр күні Қазақстанға Италия премьер-министрі Джорджа Мелони жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған еді.