Қазақстан мен Сингапур инвестициялар туралы келісімге қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр - Sputnik. Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың мемлекеттік сапары аясында Қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін бұл – осындай алғашқы құжат.
Келісім қызметтердің кіші секторларының 92 түрі бойынша өзара преференциялық қолжетімділікті белгілеуді, инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды көздейді, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес инвесторларды жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты сауда белсенді түрде дамып келеді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $1,9 млрд болды. Өткен жылы қызметтер айналымы $10,4 млн болып, ал Сингапурдан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2017-2021 жылдары 9,3%-ға 61,4-тен $67,2 млн-ға өскен.
Келісімге қол қою екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге, серіктес ел нарығындағы отандық қызметтер экспортын ұлғайтуға, қызмет көрсету саласында неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және отандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инвестициялар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.