https://sputnik.kz/20230522/qazaqstan-men-singapur-investitsiyalar-turaly-kelisimge-qol-qoydy-35167592.html
Қазақстан мен Сингапур инвестициялар туралы келісімге қол қойды
Қазақстан мен Сингапур инвестициялар туралы келісімге қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 мамыр - Sputnik. Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың мемлекеттік сапары аясында Қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы... 22.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-22T20:20+0500
2023-05-22T20:20+0500
2023-05-22T20:20+0500
қазақстан
инвестиция
https://sputnik.kz/img/1210/48/12104835_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_bf72ded6f6fe21f1ffbb9fa35c88a3a0.jpg
АСТАНА, 22 мамыр - Sputnik. Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың мемлекеттік сапары аясында Қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін бұл – осындай алғашқы құжат.Келісім қызметтердің кіші секторларының 92 түрі бойынша өзара преференциялық қолжетімділікті белгілеуді, инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды көздейді, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес инвесторларды жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты сауда белсенді түрде дамып келеді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $1,9 млрд болды. Өткен жылы қызметтер айналымы $10,4 млн болып, ал Сингапурдан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2017-2021 жылдары 9,3%-ға 61,4-тен $67,2 млн-ға өскен.Келісімге қол қою екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге, серіктес ел нарығындағы отандық қызметтер экспортын ұлғайтуға, қызмет көрсету саласында неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және отандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инвестициялар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/48/12104835_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_a6668a73b117591815ceea58f94d669f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, инвестиция
АСТАНА, 22 мамыр - Sputnik. Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың мемлекеттік сапары аясында Қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін бұл – осындай алғашқы құжат.
Келісім қызметтердің кіші секторларының 92 түрі бойынша өзара преференциялық қолжетімділікті белгілеуді, инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды көздейді, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес инвесторларды жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты сауда белсенді түрде дамып келеді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $1,9 млрд болды. Өткен жылы қызметтер айналымы $10,4 млн болып, ал Сингапурдан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2017-2021 жылдары 9,3%-ға 61,4-тен $67,2 млн-ға өскен.
Келісімге қол қою екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге, серіктес ел нарығындағы отандық қызметтер экспортын ұлғайтуға, қызмет көрсету саласында неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және отандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инвестициялар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.