Елорда тынысы

Астанада үш көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы үш көшеде жөндеу жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды қалаа әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.
Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.
Осы учаскелерде көлік қозғалысы 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.