https://sputnik.kz/20230522/astana-ush-koshe-zhondeu-zhumysy-35117371.html
Астанада үш көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Астанада үш көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Sputnik Қазақстан
Астанада үш көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды
2023-05-22T08:58+0500
2023-05-22T08:58+0500
2023-08-10T11:53+0500
елорда тынысы
жол
жөндеу жұмыстары
көше
https://sputnik.kz/img/1073/52/10735275_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_365dfd2d6e7eec74d7ab81ee00055d8c.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы үш көшеде жөндеу жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды қалаа әкімдігінің ресми сайты.Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.Осы учаскелерде көлік қозғалысы 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1073/52/10735275_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_b6f96c9a59b478ebd639f4a3753e3baf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көшелер астана жөндеу жұмыстары
көшелер астана жөндеу жұмыстары
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы үш көшеде жөндеу жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды қалаа әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.
Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.
Осы учаскелерде көлік қозғалысы 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.