Өңірлер

Өскеменде автокөлік көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайшаны құлатты

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Өскеменде көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, тұрғындар үйден шыға алмай қалды.
Оқиға 20 мамыр түнгі сағат 3 шамасында Гагарин бульварында болды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Үйдің тұрғындары қатты дыбыстан шошып оянып, сыртқа жүгіріп шыққан.
"Терезеге қарасам, Subaru Forester көлігі тұр. Көліктен шамамен 28 жастағы қыз бен жігіт шықты, біраз уақыттан кейін тағы бір қыз шықты. Көлік кіреберістегі маңдайшаға соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, маңдайшаның тіректері ұшып кетті. Мен жедел жәрдем шақырдым, оның орнына бірнеше полиция мен ТЖД қызметкерлері келді. Кейін эвакуатор келіп, көлікті алып кетті", - дейді үй тұрғыны Егор Ткачев.
Тұрғындар алғашында табиғи апат болды деп ойлаған.
"Үй тура шайқалып кетті, жер сілкінді деп ойладық", - дейді жергілікті тұрғын Кристина.
Төтенше жағдай салдарынан кіреберістің маңдайшасы есікке құлап, үйдің тұрғындары құтқарушылар келгенге дейін көшеге шыға алмаған.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап қалуы себеп болған.
"35 жастағы Subaru Forester жүргізушісі көлікті басқару кезінде ұйықтап кетіп, жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Үйдің кіреберісіндегі бетон төбе құлаған: Ақтауда жұмысшы мерт болды