https://sputnik.kz/20230521/oskemende-avtokolik-kopqabatty-uydin-kireberisindegi-mandayshany-qulatty-35110248.html
Өскеменде автокөлік көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайшаны құлатты
Өскеменде автокөлік көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайшаны құлатты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Өскеменде көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, тұрғындар үйден шыға алмай қалды. 21.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-21T13:38+0500
2023-05-21T13:38+0500
2023-05-21T13:39+0500
өңірлер
тұрғын үй
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e7/05/15/35110359_0:108:1152:756_1920x0_80_0_0_6828b816415a65e17546cc8ba4ae935e.jpg
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Өскеменде көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, тұрғындар үйден шыға алмай қалды.Оқиға 20 мамыр түнгі сағат 3 шамасында Гагарин бульварында болды, деп хабарлайды YK-news.kz.Үйдің тұрғындары қатты дыбыстан шошып оянып, сыртқа жүгіріп шыққан."Терезеге қарасам, Subaru Forester көлігі тұр. Көліктен шамамен 28 жастағы қыз бен жігіт шықты, біраз уақыттан кейін тағы бір қыз шықты. Көлік кіреберістегі маңдайшаға соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, маңдайшаның тіректері ұшып кетті. Мен жедел жәрдем шақырдым, оның орнына бірнеше полиция мен ТЖД қызметкерлері келді. Кейін эвакуатор келіп, көлікті алып кетті", - дейді үй тұрғыны Егор Ткачев.Тұрғындар алғашында табиғи апат болды деп ойлаған."Үй тура шайқалып кетті, жер сілкінді деп ойладық", - дейді жергілікті тұрғын Кристина.Төтенше жағдай салдарынан кіреберістің маңдайшасы есікке құлап, үйдің тұрғындары құтқарушылар келгенге дейін көшеге шыға алмаған.ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап қалуы себеп болған."35 жастағы Subaru Forester жүргізушісі көлікті басқару кезінде ұйықтап кетіп, жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20230511/podezdin-kireberisindegi-beton-tobe-qulagan-aqtauda-zhumysshy-mert-boldy-34771135.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/15/35110359_0:0:1152:864_1920x0_80_0_0_6d4eb699325ef424875899b65c25cae2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, автокөлік
Өскеменде автокөлік көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайшаны құлатты
13:38 21.05.2023 (жаңартылды: 13:39 21.05.2023) АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Өскеменде көпқабатты үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, тұрғындар үйден шыға алмай қалды.
Оқиға 20 мамыр түнгі сағат 3 шамасында Гагарин бульварында болды, деп хабарлайды
YK-news.kz.Үйдің тұрғындары қатты дыбыстан шошып оянып, сыртқа жүгіріп шыққан.
"Терезеге қарасам, Subaru Forester көлігі тұр. Көліктен шамамен 28 жастағы қыз бен жігіт шықты, біраз уақыттан кейін тағы бір қыз шықты. Көлік кіреберістегі маңдайшаға соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, маңдайшаның тіректері ұшып кетті. Мен жедел жәрдем шақырдым, оның орнына бірнеше полиция мен ТЖД қызметкерлері келді. Кейін эвакуатор келіп, көлікті алып кетті", - дейді үй тұрғыны Егор Ткачев.
Тұрғындар алғашында табиғи апат болды деп ойлаған.
"Үй тура шайқалып кетті, жер сілкінді деп ойладық", - дейді жергілікті тұрғын Кристина.
Төтенше жағдай салдарынан кіреберістің маңдайшасы есікке құлап, үйдің тұрғындары құтқарушылар келгенге дейін көшеге шыға алмаған.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап қалуы себеп болған.
"35 жастағы Subaru Forester жүргізушісі көлікті басқару кезінде ұйықтап кетіп, жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.