Елордада полициядан жасырынып жүрген ер адам ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Жезқазған қаласының пробация қызметкерлерінен жасырынып жүрген есептегі сотталған елордада ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
33 жастағы азамат ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін Жезқазған қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған.
"Есепте тұрған уақытта сотталған адам бос уақытында тұрғылықты жерінде болмай, шектеу шарттарын екі рет бұзған, ол үшін бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мүмкіндігі туралы екі рет жазбаша ескерту берілген. Бірнеше рет жазбаша және ауызша ескертулерге қарамастан, сотталған адам ақпан айында пробация қызметкерлерінен қашып кеткен", - дейді ведомство.
Жезқазған қаласында облыстық "Қадағалау" жедел-профилактикалық іс-шарасы мен "Есептегі тұлға" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде пробация қызметкерлері Астана қаласының полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жасырынып жүрген азаматты ұстады.
Елорда тынысы
Елордада ұландықтар аса қауіпті қылмыскерді ұстады