Елорда тынысы

Елордада ұландықтар аса қауіпті қылмыскерді ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Сарбаздар сасқалақтап тұрған күдіктіні жекпе-жек ұрысының әдістері мен арнайы құралдарды пайдаланып қолға түсірген

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Халықаралық іздеуде болған аса қауіпті қылмыскерді ұстаған Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің атынан марапатты жауынгерлерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Әлібек Серәлиев тапсырды.

2021 жылдың 23 қазанында әскери жасақтар бойынша кезекші Айбек Слямханов елорданың "Алматы" және "Байқоңыр" аудандарында орналасқан саябақта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шыққан, осы кезде полиция қызметкерлерінен халықаралық іздеуде жүрген 1992 жылғы А. есімді азамат туралы ақпарат алады. Ол мәлімет бойынша әлгі азамат Нұр-Сұлтан қаласының Президент саябағында жедел топтан жасырынып жүрген және өзімен бірге қаруы болған.

Аталған сипаттаманы офицер патрульдік топ бастығы Бекжан Дәулетбайға және жақын маңдағы әскери жасақтарға жібереді. Сағат 16.30 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Мирас Мұхтар және патрульшілер Ерсұлтан Ақжол мен Жандос Кенбай полициядан қашып бара жатқан және сипаттамаға келетін адамды байқайды.

Сарбаздар дереу сол жаққа бағыт алып, сасқалақтап тұрған күдіктіні жекпе-жек ұрысының әдістері мен арнайы құралдарды пайдаланып қолға түсірген.

Аталған азамат биыл шілде айынан бастап Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша халықаралық іздеуде болған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0