Батыс Қазақстанда ақбөкендер жаппай қырылды

Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық ақбөкен ұшасы табылды, деп хабарлады экология министрлігінің баспасөз қызметі.
"19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының аумағында Ащыөзек өзенінің жағасынан 150 - ге жуық бас өлген ақбөкен табылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Экология министрлігінің мәліметі бойынша, олардың 95%-і жас, 5%-і ұрғашы. Жануарлардың өлексесі 300 метр жерге жайылған.
"Өсімдіктер, топырақ және ауа сынамаларын іріктеу үшін табылған жерге "Бөкейорда" резерватының қызметкері, Жәнібек ауданының ветстанциясы мен санэпидқызметінің өкілдері жіберілді", - дейді ведомстводағылар.
Қажетті сынамалар жасалғаннан өлген жануарларды Жәнібек әкімдігінің жұмысшылары мен "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК қызметкерлері жоятын болады.
"Киік қасиетті жануар": Тоқаев экология министріне сөгіс жариялады