АЛМАТЫ, 20 мамыр - Sputnik. Алматы облысында әжелер байқауы өтті, байқауға 61 жастан асқан әжелер қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Алматыда әжелер байқауы өтті
© Алматы қаласының әкімдігі
Мұндай байқау Алматыда алғаш рет ұйымдастырылды. Финалға 12 әже шықты. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Әрбір қатысушы визитка дайындады, онда балалар мен немерелер әжесі туралы ең жарқын оқиғалармен бөлісті, қолтаңба тағамын дайындады, сахнаға шығармашылық нөмірмен шыққан әжелер байқаудың соңғы кезеңінде сәнді киім үлгісін көрсетті.
Алматыда әжелер байқауы өтті
© Алматы қаласының әкімдігі
Байқау қорытындысы бойынша 62 жастағы Гүлнар Құнанбаева гран-при иегері атанды. Сондай-ақ тағы 12 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.