Қоғам

Алматы облысында 10 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті

Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында он оқушы астан уланып, ауруханаға түсті. Бұл факті бойынша комиссия құрылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"19 мамыр күні сағат 16:00-де жедел жәрдем бригадасы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасына Бәйтерек ауылының орта мектебінде 5 "Д" сыныбында оқитын 10 оқушыны жеткізді. Алдын ала диагноз – "Нақтыланбаған бактериялық тағамдық улану", - делінген хабарламада.
Мұғалімдер мен балалардың айтуынша, мектеп оқушылары дүкеннен сатып алынған жартылай дайын өнімдерді құрғақтай жеген.
"Дәрігерлер пациенттерді тексеріп, асқазанын шайып, тазартқан. Осыдан кейін жеті бала амбулаторлық емге жіберілді, үш пациент инфекциялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайлары орташа", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Оқиға
Алматы облысында ер адам мен төрт баласының неден уланып көз жұмғаны анықталды