Оқиға

Алматы облысында ер адам мен төрт баласының неден уланып көз жұмғаны анықталды

© © Sputnik / Владислав Водневаурухана
аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 мамыр – Sputnik. Полиция Алматы облысында бүтін бір отбасының белгісіз заттан улануының алдын ала себебін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Түпкілікті шешім сараптамалық тексерулердің нәтижесі бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған, - делінген хабарламада.

Тергеуді жан-жақты жүргізу үшін Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт зертханасы, газ қызметі және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмылдырылады.
Еске сала кетейік, 4 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде отбасы белгісіз заттан уланып, салдарынан 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 пен 2018 жылы туған төрт бала қайтыс болды. Әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Оқиға
Қостанай облысында бүтін бір отбасы өрттен көз жұмды
Жаңалықтар
0