Өңірлер

Өскеменде 12 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 2 бала ауруханаға түсті

Өрттен 9 тұрғын құтқарылды, төртеуі – бала
Sputnik
ӨСКЕМЕН, 18 мамыр - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 18 мамырда болған. Пәтері жанған тұрғын жанталаса жүгіріп, көршілерінен көмек сұраған. Олар өрт сөндірушілерге хабарласқан.
"9 тұрғын баспалдақпен құтқарылды, оның 4-еуі – бала. Өртті сөндіруге жеке құрамның 35 маманы мен 10 техника жұмылдырылды. Жанған алаң аумағы – 50 шаршы метр", - деп хабарлады ведомство.
Өскеменде 12 қабатты үйден өрт шықты
Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жау электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан болған. Салдарынан көрші пәтерде ыс тиген 5 және 7 жастағы 2 бала ауруханаға жатқызылды.
Өңірлер
Ақтөбе зауытындағы өрт: қайтыс болғандардың отбасына 5 млн теңгеден беріледі