Өңірлер

Өскеменде 12 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 2 бала ауруханаға түсті

© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық ТЖДӨскеменде 12 қабатты үйден өрт шықты
Өскеменде 12 қабатты үйден өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
Өрттен 9 тұрғын құтқарылды, төртеуі – бала
ӨСКЕМЕН, 18 мамыр - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 18 мамырда болған. Пәтері жанған тұрғын жанталаса жүгіріп, көршілерінен көмек сұраған. Олар өрт сөндірушілерге хабарласқан.
"9 тұрғын баспалдақпен құтқарылды, оның 4-еуі – бала. Өртті сөндіруге жеке құрамның 35 маманы мен 10 техника жұмылдырылды. Жанған алаң аумағы – 50 шаршы метр", - деп хабарлады ведомство.
© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық ТЖДӨскеменде 12 қабатты үйден өрт шықты
Өскеменде 12 қабатты үйден өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Өскеменде 12 қабатты үйден өрт шықты
Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жау электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан болған. Салдарынан көрші пәтерде ыс тиген 5 және 7 жастағы 2 бала ауруханаға жатқызылды.
Ақтөбедегі газ өңдеу зауытындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Өңірлер
Ақтөбе зауытындағы өрт: қайтыс болғандардың отбасына 5 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0