Өңірлер

Алаяқ жасанды алтын әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізіп жіберген

Sputnik
ЖЕТІСАЙ, 18 мамыр – Sputnik. Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz-ға сілтеме жасап.
Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды. Жергілікті тұрғын анықталды.
Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша, жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан.
Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өңірлер
Мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызуға уәде берген: Ақтөбеде алаяқ әйел ұсталды