АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі 1,2 және 5 теңгелік монеталарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тарту фактілеріне қатысты мәлімдеме жасады.
Банктің мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағында 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200 теңгелік манеталар қолма-қол ақша айналымында пайдаланылады.
"Бұл монеталар заңды төлем құралы болып саналадыжәне төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға тиіс. Сондай-ақ олар банктік шоттарға есепке алынады және аударым үшін қолданылады, банктер мен Ұлттық почта операторы ("Қазпошта"АҚ) шектеусіз айырбастайды", - дейді ведомство.
Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқандар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 206-бабымен жауапкершілікке тартылады.