Ұлттық банк: 1, 2 және 5 теңгелік монеталар ресми түрде төлем құралы болып саналады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі 1,2 және 5 теңгелік монеталарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тарту фактілеріне қатысты мәлімдеме жасады.
Банктің мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағында 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200 теңгелік манеталар қолма-қол ақша айналымында пайдаланылады.
"Бұл монеталар заңды төлем құралы болып саналадыжәне төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға тиіс. Сондай-ақ олар банктік шоттарға есепке алынады және аударым үшін қолданылады, банктер мен Ұлттық почта операторы ("Қазпошта"АҚ) шектеусіз айырбастайды", - дейді ведомство.
Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқандар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 206-бабымен жауапкершілікке тартылады.
Коллекционные монеты MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL и AHMET BAITURSYNULY.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Әуезов пен Байтұрсыновтың мерейтойына арналған коллекциялық монеталар сатуға шығарылады
Жаңалықтар
0