АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Оралда әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды.
Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған.
Таңғы уақытта Омега жол көпірінің астынан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден ер адам шабуыл жасаған. Әйел қашып кетуге тырысқанымен, күдікті оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырғалары мен сақиналарын шешіп, телефонын тартып алған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын 550 мың теңгені құрады.
Әйел бірден полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 1971 жылғы ер адам ұсталды. Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды.