Өңірлер

Ақтөбе зауытындағы өрт: қайтыс болғандардың отбасына 5 млн теңгеден беріледі

Sputnik
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында қайтыс болғандардың отбасыларына 5 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы облыс басшысы Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы айдың басында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында өрт болған еді. Салдарынан төрт жұмысшыны қатты күйік шалды. Екеуі қайтыс болды.

"Өкінішке қарай, екі жұмысшы көз жұмды. Туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Сараптаманың қорытындысы бойынша тергеу жүргізіледі. Зардап шеккендердің отбасына 1 миллион теңгеден берілді, ал қайтыс болған жұмысшылардың отбасына 5 миллионнан бөлінеді. Егер кәмелет жасқа толмаған балалары, студенттер болса, мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетері, өрттің себебі анықталған жоқ. Қазіргі кезде сараптама жасалды. Соның негізінде тергеу амалдары жүргізіледі.
Ақтөбе облысында өрттен зардап шеккен адам көз жұмды