Ақтөбе облысында өрттен зардап шеккен адам көз жұмды

© Photo : 24.kzАқтөбе облысында өрттен зардап шеккен адам көз жұмды
Ақтөбе облысында өрттен зардап шеккен адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Жазылу
Астаналық дәрігерлер Батыс Қазақстандағы газ кенішіндегі өрттен зардап шеккен жұмысшының өмірі үшін екі аптаға жуық уақыт күресті
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауыты аумағындағы өрттен кейін ауруханаға түскен жұмысшылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
Ақтөбе облысындағы зауытта болған төтенше жағдайдан кейін ер адам санитарлық авиациямен астаналық ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты. Бірақ оның күйік жарақаты тым ауыр болған. Марқұм 56 жастағы ер адам болатын.
Зардар шеккен тағы екі азамат Астана қалалық ауруханасында ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
Тағы біреуі Ақтөбеде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Еске салсақ, Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында мамыр айының басында өрт болды.
Пожар произошел на газоперерабатывающем заводе в Казахстане, пострадали четыре человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2023
Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытынан өрт шықты: төрт жұмысшы күйіп қалды
Жаңалықтар
0