Саясат

Тоқаев орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары жайлы мәлімет берілді.
Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.
Тоқаев ұлттық банктің жылдық есебін мақұлдады – экономиканың негізгі көрсеткіштері қандай