Тоқаев ұлттық банктің жылдық есебін мақұлдады – экономиканың негізгі көрсеткіштері қандай

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Банк басшысы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканы долларлау көрсеткіші 31,6 процентке азайған. Ал екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23,3 процентке артып, 22,8 триллион теңгеге дейін жетті. Соның ішінде бизнеске берілген кредиттер 13,9 процентке өсті. Жалпы көлемі - 9,6 триллион теңге.
Өткен жылдың нәтижесі:
экономикаға бөлінген кредиттердің көлемі 28,9 триллион (+21,7 процент) теңгеге жетті; халықаралық резервтер 90,8 миллиард долларға (соның ішінде алтын-валюта қоры – 35,1 миллиард доллар, Ұлттық қор активтері – 55,7 миллиард доллар) дейін өсті;
2014 жылдан бері БЗЖҚ зейнетақы активтері кірісінің жылдық мөлшері 9,33 пайызды құрады;
Fitch Ratings және S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның "ВВВ" деңгейіндегі дербес рейтингіне қатысты "тұрақты" деген болжамды растады;
Ал мемлекет басшысы инфляция, макроэкономикалық және энергетикалық тұрақсыздық әлі де экономиканың негізгі түйткілдері ретінде сақталып отырғанын ерекше атап өтті.
"Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша жаһандық өсім 2021 жылғы 6,2 проценттен 3,4 процентке дейін айтарлықтай бәсеңдейтінін және баға қысымы күшейетінін болжап отыр. Мұның бәрі еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға анағұрлым үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізу қажет екенін білдіреді", – деді Тоқаев.
Талқылау қорытындысы бойынша президент ұлттық банктің жылдық есебін мақұлдады.
Ұлттық банк - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Экономика
Ұлттық банк базалық ставканы тағы да өзгеріссіз қалдырды
Жаңалықтар
0