АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Атырауда белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінген адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады", - деп жазылған полицияның хабарламасында.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, 11 мамырда Атырауда "Қазақпарат" ХАА журналисі Виктор Сутягиннің автокөлігін белгісіз біреу өртеп жіберді. Журналистің өзі мұны кәсіби қызметімен байланыстырды.
Атырау облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 202-бабы 3-бөлігі " Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған хабарлады.