https://sputnik.kz/20230511/atyrau-tanymal-zhurnalis-avtokoligi-tunde-ortep-zhiberdi-34753855.html
Атырауда танымал журналистің автокөлігін түнде өртеп жіберді
Атырауда танымал журналистің автокөлігін түнде өртеп жіберді
Көшедегі бейнебақылау камерасына белгісіз ер адамның көлік капотында бірдеңе істеп жатқаны түсіп қалған 11.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-11T10:02+0600
2023-05-11T10:02+0600
2023-05-11T10:02+0600
оқиға
журналист
атырау
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34753521_107:0:1094:555_1920x0_80_0_0_6e655be470fc1ed29482accc9175307b.jpg
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Атырауда "Қазақпарат" ХАА журналисі Виктор Сутягиннің автокөлігін белгісіз біреу өртеп жіберді. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға 11 мамырға қараған түні болды.Журналистің өзі мұны кәсіби қызметімен байланыстырып отыр."Маған ешкім қоқан-лоққы көрсеткен жоқ. Жауларым да жоқ сияқты. Бірақ кәсіби қызметіммен байланысты шығар. Ол жерде мен көбінің шамына тиемін", - дейді ол.Айтуынша, іс полиция департаментінің ерекше бақылауында.Атырау облыстық полиция департаменті де бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді."11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ", - дейді тәртіп сақшылары.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Қылмыстық кодекстің 202-бабы 3-бөлігі " Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://sputnik.kz/20221219/aqorda-mikhail-kozachkov-zandy-quqygy-30432843.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34753521_230:0:970:555_1920x0_80_0_0_cc0caa9dcb5dc9cb7aff7b9515a50c4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
журналист, атырау
Атырауда танымал журналистің автокөлігін түнде өртеп жіберді
Көшедегі бейнебақылау камерасына белгісіз ер адамның көлік капотында бірдеңе істеп жатқаны түсіп қалған
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Атырауда "Қазақпарат" ХАА журналисі Виктор Сутягиннің автокөлігін белгісіз біреу өртеп жіберді. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оқиға 11 мамырға қараған түні болды.
"Мен түнгі он екіде шығып, көліктен заттарымды алдым. Көлігім үйдің бұрышында тұрған. Бұл жер бізде тыныш. Гаражым болса да, барлығы көлігін осы жерге қояды. Видеодан көрініп тұрғандай, 02.24-те ер адам көлікке жақындап, капотта бірдеңе істеп жатқан. Содан кейін жарылыс болды. Ол өзі де зардап шекті деп ойлаймын. Көлігімнің өртенгенін ең соңғы болып естідім. Көршілерім оятқанда, көліктің түгі қалмай жанып кеткен, өрт сөнген", - деп баяндады мән-жайды Виктор Сутягин
Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Журналистің өзі мұны кәсіби қызметімен байланыстырып отыр.
"Маған ешкім қоқан-лоққы көрсеткен жоқ. Жауларым да жоқ сияқты. Бірақ кәсіби қызметіммен байланысты шығар. Ол жерде мен көбінің шамына тиемін", - дейді ол.
Айтуынша, іс полиция департаментінің ерекше бақылауында.
Атырау облыстық полиция департаменті де бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ", - дейді тәртіп сақшылары.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық кодекстің 202-бабы 3-бөлігі " Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.