Білім

Мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынады - министрлік

Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр, Sputnik. Оқу ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарында соңғы қоңырауды өткізу немесе өткізбеу туралы ақпарат көрсетілмеген.
Бірінші вице-министр Шолпан Каринова биыл оқу жылының соңында мектептерде салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар туралы айтты.
Оның айтуынша, соңғы қоңыраудың салтанатты жиыны мен іс-шараларын қалай өткізуді әр мектеп өзі шешеді. Мнистрлік дәстүрлі соңғы қоңырауды қолдайтынын хабарлады.
Бірақ ведомствоның нормативтік құжаттарында мұндай іс-шараны өткізу бұдан бұрын да көрсетілмеген дейді вице-министр. Министрлік бұл іс-шараны 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орайластырылған форматта өткізуді ұсынады.
Шолпан Каринова аниматорларды, мерекелік кештерді ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды жалдау үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті.
Сондай-ақ, ведомство мұғалімдерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық алу үшін ата-аналардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынатынын да атап өтті.
Астанадағы 6 мектепте мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген